- Бағдарламалар
«Жастар поэзиясы» апта сайын
«Ән сұраймыз» Шуақты әндермен тербеліп өскен тыңдаушылар айрықша ұнататын әндерін сұрап, белгілі бір уақытта тыңдай алады.
«Шалқар шаңырағында» Бағдарламаның басты мақсаты - еліміздегі көрнекті тұлғалармен сан алуан тақырыпта сұхбаттасып, ой бөлісу.
«Ұшқын»
«Әлем әдебиеті» Жаһан әдебиетінің көрнекті тұлғалары мен шоқтығы биік туындыларын оқырман қауымның назарына ұсыну.
«Аймаңдай» Хабарға ұлт жолындағы ұлы істерге ұйытқы болып жүрген арда азаматтар қатысады.
«Абаймен күнде сырласу» Абайдың қара сөздері, даналық ойлары мен өлеңдері беріледі
«Жыр отау» Ақындар өлеңдерін оқиды
«Наридірген» Халық композиторлары мен олардың мұрасын жеткізуші дәстүрлі орындаушылардың өмірі мен шығармашылығын насихаттау
«Алтын қор» «Алтын қор» мұрағатындағы бағдарламалар
«Бала тілі - бал» Кішкентай бүлдіршіндердің тақпақтары, әндері мен қызықты әңгімелері беріледі
«Ұлт және рух» Ұлттың өзіндік ерекшелігі мен сипатын анықтап, ұлттың өмір сүру деңгейі мен мәдениетін-рухани құндылығын сараптап, тыңдармандарға ой салу
«Алғыр қазақ» Радио ойын
«Көзайым» Өнер иелері көзайым жаңалықтарымен бөліседі
«Дәстүр» Ұлт тәрбиесінің ережелерін саралай отырып, мәдениеттанушы ғалымдардың әңгімесі, дәйекті пікірлері арқылы ата-бабамыздың баға жетпес байлығын жастардың санасына сіңіру, жаңғырту
«Елім менің!» Тәуелсіз Қазақстанның тарихын, өткен өмірін баяндайтын бағдарлама
«Қазақтың 1000 күйі» Күй - қазақ халқының мәдени мұраларының бірі
«Терме» «Терме» хабары қазақтың асыл маржан сөздерін, өсиет - нақылдарын жас ұрпақтың санасына сіңіреді
«Төртінші билік» Қаламы қарымды журналистердің шығармашылықтары және бүгінгі журналистиканың басты проблемалары тілге тиек етіледі
«Жақсының жары» Әйгілі, халқына сыйлы азаматтардың асыл жарлары туралы әңгіме болады. Хабарға жақсылардың аяулы жарлары қатысады
«Қазақтың қол өнері» Ұлттық қолөнер түрлерін дәріптеу мақсатында қазақтың қолөнер шеберлерімен әңгіме өрбиді
«Кеш жарық, балақай» «Кеш жарық, балақай» хабарында балаларға арналған қызықты ертегілер мен танымдық әңгімелер ұсынылады
«Әуелетіп ән салса...» Дәстүрлі әншілердің радио байқауы
«Денсаулық» Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде
«Жұлдызды түн» Ұйықтар алдында ақындардың әдемі жырларымен көмкерілген әндер тыңдап, демалу кімге болса да қажет нәрсе
«Тал бесіктен жер бесікке дейін» Ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттау, көне түрлерін қайта жаңғыртуға арналған хабар
«Аққулы айдын» Түрлі өнер иелерінің шығармашылығын насихаттауға арналған хабар
«Жусан исі» Қазақ даласының табиғаты, ұлтымызға тән болмыс-бітімі, жер су-атаулары, әдет-ғұрып, салттарымыздың бүгінге жалғасуы туралы ой қозғалады
«Кешеден келдік бүгінге» Қазақ радиосының алтын қорындағы ақын-жазушылардың, әртістердің, қоғам қайраткерлерінің кезінде айтқан ой-пікірлері бүгінгі күнмен үндестіріліп дайындалатын хабар
«Тіл-майдан» Мемлекеттік тіл турасындағы хабар
«Заңгер кеңесі» Халыққа қазіргі тұрмыста жиі кездесетін үй сатып алу, сату, ажырасу, мүлік бөлісі, бала асырау т.б. жағдайларға байланысты нақтылы заң актілері негізінде ақ-қараны таныту
«Сазды сәлем» Әр шаңырақтың қуанышымен бөлісетін «Cазды сәлем» құттықтау бағдарламасы күн сайын тікелей эфирде
«Наркескен» Ел руханияты мен мәдениетінде, қоғамдық-саяси өмірінде орын алып жатқан әр түрлі оқиғалар мен ұлттың бүгіні, келешегі турасындағы өткір тақырыптар аясында кейіпкермен ашық әңгіме жүргізіледі
«Назқоңыр» Дәстүрлі муызканың қыры мен сыры, бүгінгі заманға сай өзгертілуі, ертеңгі күнге аман-есен жетуін сөз ететін хабар
«Жайдарман» Құттықтау бағдарламасы
«Әлқисса...» Хабар қызықты аңыздар, ғажайып әңгімелерге арналады
«Қайырлы таң, Қазақ елі!» Әрбір редактор-жүргізуші бір айда эфирлік уақыт үшін 540 минут уақыт жұмсайды. Аталған айдарлар әр күнге бөлінген. Хабар 3 минут көлемінде эфирден өтеді
«Дидар-ғайып» Бағдарламаға танымал тұлғаларды шақырылып, оның өмірге деген көзқарасы мен шыққан шыңы, жеткен жетістіктерінің қыр-сыры туралы сөз болады
«Отырар кітапханасы» Жазушылардың прозалық шығармалары диктордың оқуында әрі шағын қойылым ретінде беріледі
«Дода» Бағдарламаға танымал тұлғаларды шақырылып, оның өмірге деген көзқарасы мен шыққан шыңы, жеткен жетістіктерінің қыр-сыры туралы сұралады
«Сал домбыра» Дәстүрлі әншілерді насихаттау, сол арқылы ұлттық өнерді қайта жаңғырту
«Қазақ бол!» Ұлттық мәселелер жөнінде, қазақ халқының салты мен санасы турасында ашық пікір алмасу
«Біздің елдің жігіттері...» Еліміздің әдебиетінің, мәдениетінің, өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан және қосып жүрген белгілі азаматтарымызға арналады
«Ел суреттері» 2005 жылдан «Қасиетті Қазақ Жері» бағдарламасы бойынша «Ел суреттері» айдарымен велоэкспедицияның материалдары жүйелі түрде беріліп келеді
«Бақ қараған» Бақ қонып, қыдыр дарыған азаматтардың қилы тағдырларын, ой-пайымдарын, өмір өткелдерін журналист ұрымтал сауалдар қою арқылы портретін жасайды
«Ардагерлер» Қазақ елінің дамуы мен қалыптасуына ерен еңбек сіңіріп, қилы кезеңдерде тағдыр тауқыметін көрсе де, кісілік келбетін жоғалтпаған қайраткерлер жайлы хабар
«Өнер өлкесі» Өнер – рухани байлық. Өнер-құдіретті әлем. Осы саланы насихаттауға арналған рухани бағдарлама
«Ата-жұрт» Кең-байтақ қазақ даласының тау-тасы мен өзен-көлінің атаулары - өзінше бір тарих. Бағдарлама аясында осы тарихи атаулардың шығу тегіне, сондай-ақ, сол өңірге қатысты ел аузынан жеткен аңыз-әңгімелер мен тарихи оқиғаларға тоқталатын боламыз
«Атадан қалған асыл сөз» Ғибратты сөздер оқылады
«Ғасыр ғибраттары» Ықылым замандағы Аристотель, Конфуций, Платон, Сенека, Әл-Фарабиден Шәкәрім Құдайбердіұлына дейінгі данышпандардың ғибратты ойлары мен ғақлиясы




